Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, облыс әкімі Серік Билялов орталықтың бас дәрігеріне «Фольксваген» маркалы екі жаңа көліктің кілтін салтанатты түрде табыс еткен.
«Орталыққа келіп түскен көліктер жансақтау шараларын жүргізуге арналған және шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті заманауи құрылғылармен жабдықталған»,- деп нақтылап өтті баспасөз қызметіндегілер.
Әрбір көліктің құны 17 млн теңгені құрайды. Оларды сатып алуға арналған қаржы 2006 жылы республикалық бюджетте қарастырылған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті