ПИК қызметін заң тұрғысынан реттеу қажет - Есімов - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ПИК қызметін заң тұрғысынан реттеу қажет - Есімов

ПИК қызметін заң тұрғысынан реттеу қажет - Есімов

Алматы. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ПИК қызметін заң тұрғысынан реттеу қажет. Бұл туралы кеше тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыста Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 31 Шiлде 2008
  • 457
Фото - Caravan.kz

«Біз қатынастарымыз заң аясында болуы үшін бірқатар ұсыныстарымызды үкіметке енгіземіз», — деп хабарлады А. Есімов.

Сонымен қатар, ол қазіргі таңда ПИК үй мен үй маңындағы пайдалану және күтіп ұстау бойынша тұрғындарға ұсынылатын қызметке монополизация жасау арқылы өздерінің міндеттемелерін толық көлемде атқарып отырмағандығын, ал олардың жұмысын бақылауға арналған тексеру комиссиялары өз қызметтерін тек шартты түрде ғана атқаратынын атап өтті.

А. Есімовтың айтуынша, пәтер иелері ПИК-нің кондоминиум нысандарын жөндеу және ұстап тұру бойынша нақты шығындарын тексеру мүмкіндігіне ие бола алмай отыр. коммуналдық инфрақұрылымның тозған негізгі қорларының күрделі жөндеу жұмыстары жеткілікті көлемде жасалмайды.

Әкімнің айтуынша, ПИК төрағаларының қатарында әрқилы адамдар, әртүрлі маман иелері бар. «Олар, әрине, аттестациядан өткізілмейді. Олар тұрғындардың жалпы жиналысынан басқа ешкімге бағынбайды. 1200 пәтер кіретін ПИК тұрғындарының жалпы жиналысын өткізу мүмкін емес. Кейбірлері тіпті есеп бермейді де», — деп атап өтті әкім.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті