Пхеньян Малайзиядан Ким Чон Намның мәйітін қайтаруды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пхеньян Малайзиядан Ким Чон Намның мәйітін қайтаруды талап етті

Пхеньян Малайзиядан Ким Чон Намның мәйітін қайтаруды талап етті

[wpcode id="1694287"] Солтүстік Корея Малайзиядан марқұм Ким Чон Намның мәйітін қайтаруды талап етті. Пхеньян марқұмның денесін тіліп ж

  • 18 Ақпан 2017
  • 499
Фото - Caravan.kz


Солтүстік Корея Малайзиядан марқұм Ким Чон Намның мәйітін қайтаруды талап етті. Пхеньян марқұмның денесін тіліп жасаған дәрігерлік сараптама қорытындысымен келіспейтінін жеткізген. Өйткені Малайзия тарапы өлімге қатысты кейбір деректерді жасыруы мүмкін.Бұл туралы 24.кз хабарлады.

Естеріңізде болса, осы аптаның басында Солтүстік Кореяның қазіргі басшысының ағасы Ким Чон Намды Куала-Лумпур қаласындағы әуежайда белгісіз екі әйел улап өлтіріп кеткен еді. Қазіргі уақытта полиция өлімге қатысы бар деп, 2 әйел мен бір жас жігітті ұстады. Ал жергілікті билік полиция барлық қажетті сот-дәрігерлік тексеруді жүзеге асырып біткеннен кейін ғана марқұмның денесін елшілік арқылы жақындарына беретінін айтқан. Кан Чхоль, Солтүстік Кореяның Малайзиядағы елшісі: — Мәйітханаға барып, марқұмның біздің елдің азаматы екенін растадық. Содан кейін ол инфарктен өлді дегендіктен, дәрігерлік сараптама жасауға қарсы болғанбыз. Бірақ осыған қарамастан, тексеру біздің қатысуымызсыз жасалды. Біз сараптама қорытындысымен келіспейміз.

 

Соңғы жаңалықтар