Пойызбен Қазақстан мен Ресейге баратын қырғызстандықтарға заңгерлер еріп жүрмек - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пойызбен Қазақстан мен Ресейге баратын қырғызстандықтарға заңгерлер еріп жүрмек

Пойызбен Қазақстан мен Ресейге баратын қырғызстандықтарға заңгерлер еріп жүрмек

Бішкек. 5-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Пойызбен Қазақстан мен Ресейге баратын қырғызстандықтарға заңгерлер еріп жүрмек, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Қырғыз темір жолы" ұлттық компаниясы" мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасай отырып.

  • 5 Ақпан 2008
  • 453
Фото - Caravan.kz

«Бұл қадамға біз Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің, Қырғызстан Республикасының Екатерибургтағы бас консулдығының, Қырғызстанның қоғамдық ұйымдарының теміржолмен Ресей мен Қазақстанға қатынайтын қырғыздарды заңдық тұрғыдан қорғау қажеттілігі жөніндегі шағымдарына жауап ретінде барып отырмыз», — деп хабарлады мемлекеттік мекеменің баспасөз қызметіндегілер.

Президент Құрманбек Бакиевтің тапсырмасымен «Қырғыз темір жолы» тендер өткізіп, «Юртранссервис» заңи компаниясымен келісімге қол қойған. Оның Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының заңнамасын оқу қамтылған арнайы дайындық курсынан өткен өкілдері әрбір алыс жолға қатынайтын құрамға еріп жүретін болады. Жолаушылар олардан құқықтық сипаттағы кеңес, мемлекеттік шекаралардан өтетін кезде декларациялар мен өзге құжаттарды толтыруда, құқық қорғау, шекара және өзге де мемлекеттік орган өкілдерімен қатынасу кезінде көмек ала алады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, халықаралық қатынастың барлық жолаушыларына арналған жаңа қызмет 2008 жылдың наурыз айынан бастап енгізілетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті