Полицей мен жүргізуші кімнің "ешкі" кімнің "қой" екенін ажырата алмай дауласты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полицей мен жүргізуші кімнің "ешкі" кімнің "қой" екенін ажырата алмай дауласты

Полицей мен жүргізуші кімнің "ешкі" кімнің "қой" екенін ажырата алмай дауласты

Оңтүстік Қазақстанда полицей мен жүргізуші арасында болған кикілжің ғаламторда хитқа айналды. Бір-бірін малға теңегендер сөзге келісе алмай, ұстасып қалған.

  • 18 Наурыз 2014
  • 196
Фото - Caravan.kz

– Қызметтік куәлігіңізді көрсетіңіз?

– Қой.

– Ешкі.

–Кімді ешкі дедің?

Шымкент-Қазығұрт тас жолында жол сақшылары автокөлікті тоқтатқан. Алайда, погондылар өздерін таныстырып, не үшін тоқтатқанын айтудың орнына жүргізушінің өзіне дүрсе қоя берді. «Ешкі» деген сөзге шамданып қалған аға лейтенант тіпті шешесінен балағаттап, жүргізушіні жекпе-жекке де шақырған. Полицейдің біреуі- таспаға түсіріп тұрған жігіттің телефонын тартып алуға тырысыпты.  Ал жанжалдың немен аяқталғаны белгісіз.


– Адамның бұлай намысына тиіп  "ешкі" деуге болмайды.

 – Мен балағаттаған  жоқпын.

"Қой" дедің ғой. Дұрыс па?

 – Жоқ, сен бұл жерде жүргізуші емессің да, мен мына жігітке «қой» деп тұрмын.

-Ал, сен ешкі дейсің.