Полицейлер есірткі саудагерлерін әшкерелеу үшін 8 ай бойы мектеп оқушылары болып жүрген - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полицейлер есірткі саудагерлерін әшкерелеу үшін 8 ай бойы мектеп оқушылары болып жүрген

Полицейлер есірткі саудагерлерін әшкерелеу үшін 8 ай бойы мектеп оқушылары болып жүрген

Американың Техас штатындағы Хьюстон қаласының маңында бірнеше полицей таяуда мектеп партасына қайта отыруға мәжбүр болды.

  • 6 Сәуiр 2015
  • 426
Фото - Caravan.kz


Алайда олар бұған білімдерінің жетіспеуі салдарынан емес, жасөспірімдердің арасында есірткі саудалаған қылмыстық желіні әшкерелеу мақсатымен барған.

The News York Post газетінің хабарлауынша, іс-қимылдар сегіз ай бойы бірнеше мектепте жүргізіліп, өте табысты болып шықты. Құқық қорғау органдары еліртетін у сатқан жоғары сыныптардың алты оқушысын қамауға алды. Ұсталғандар 17-18 жастағы азаматтар болып шықты. Оларды тексеру кезінде кокаин, марихуана және синтетикалық есірткінің үлкен көлемі анықталды.