Полицейлер жұмыстан шығарылған офицерлерден ақша өндіріп алмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полицейлер жұмыстан шығарылған офицерлерден ақша өндіріп алмақшы

Полицейлер жұмыстан шығарылған офицерлерден ақша өндіріп алмақшы

Оңтүстік Қазақстандық полицейлер жұмыстан шығарылған офицерлерден ақша өндіріп алмақ ниетте. Қазір осы өңірдің ішкі істер  басқармасы сынақтан сүрінген бұрынғы қызметкерлерімен соттасып жатыр.

  • 30 Қазан 2013
  • 242
Фото - Caravan.kz

Осылайша басқарма оларды оқытуға жұмсалған мемлекет қаржысын қайтарып алмақшы. Қызметінен айырылғандардың көбі жергілікті заң университетінде оқыпты. Кезінде Ішкі істер департаменті олардың әрқайсысымен келісімге отырып, білім алып шығуына бюджеттен қаржы бөлгізген екен. Ал оқу орынын тәмамдаған соң офицерлер осы салада кем дегенде 5 жыл жұмыс істеуі тиіс болған. Енді сынақтан сүрініп, қызметінен қуылған 20-дан астам офицер мемлекеттің оқуға бөлген қаржысын қайтарып беруі тиіс.      


Түймебек Мұсабеков, ОҚО ІІД заң бөлімінің бастығы:

— Жалпы жүгінген талап арыздың сомасы — 8 миллион 865 мың болған. Оның қазіргі кезде 20-сы қаралды. Яғни, сот шешімімен 7 миллион 508 мың қаржы өндіру жөнінен шешім шықты. Қазір, екеуі бойынша іс қаралу барысында.