Жарияланды: 350

Полиция қызметкерлері бір тапта ішінде 800 кг астам есірткі тәркіледі

Полиция қызметкерлері өткен аптада 800 кг астам есірткіні заңсыз айналымнан тәркіледі, оның 8 кг астамы героин, делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, таяуда Алматыда 38 жастағы әйелдің үйін тінту кезінде 4 кг астам героин табылған. Жамбыл облысының Шу ауданында "Шу-Құмөзек" өткелінде полиция қызметкрелері 32 жастағы өзбеказаматынан 717 кг марихуана тәркілеген. Осы облыста "Бішкек-Новосібір" бағытындағы жолаушылар пойызынан 35 жастағы қырғыз азаматшасы 4 кг жуық героинмен ұсталған. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін