Мына азамат атасынан қалған көне қаруды естелік ретінде сақтап келген. Бір мылтыққа аста-төк ақша беретінін естігенде акциядан құр қалғысы келмепті. Мәселен мынадай мылтыққа 50 мың теңге төленеді екен. Қазір тапсырылған қарулардың саны 60-тан асқан. Айта кету керек, заңсыз сақталған, қылмысқа қатысы жоқ қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапқа тартылмайды.