Польша президенті Анджей Дуда Астанаға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Польша президенті Анджей Дуда Астанаға келеді

Польша президенті Анджей Дуда Астанаға келеді

Сәрсенбі, 6 қыркүйекте Астанаға Польша президенті Анджей Дуда келеді. Ол Қазақстан Президентімен кездеседі. Екі көшбасшының келіссөздері күннің бірінші жартысында Ақордада өтеді.

  • 6 Қыркүйек 2017
  • 209
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы РИА Новости Қазақстан Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ, Польша президентімен кездесу аясында қазақстандық-поляк бизнес-форумының өтетіні айтылады. Онда Назарбаев пен Анджей Дуда қатысады деп жоспарланып отыр.

Форумға ауыл шаруашылығы, энергетика, құрылыс, құрылыс материалдарын шығару, химия, тау-кен металлургиялық, фармацевтикалық және басқа да салаларда жұмыс істеп жүрген шамамен 200 поляк кәсіпкері қатысады. 

"Бүгінде Қазақстан мен Польша 24 халықаралық шарт жасасты. Тағы 15 жоба енді қаралады. Сондай-ақ, алдағы бизнес-форум аясында аймақаралық ынтымақтастық саласында қол қойылуы тиіс құжаттар бар", — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.


 

Соңғы жаңалықтар