Польша Қазақстанды әуе қатынасына тыйым салынған тізімнен алып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Польша Қазақстанды әуе қатынасына тыйым салынған тізімнен алып тастады

Польша Қазақстанды әуе қатынасына тыйым салынған тізімнен алып тастады

Польша Республикасы Үкіметінің өкімімен Қазақстан 16 қыркүйектен бастап Варшава бұдан бұрын тікелей әуе қатынасына тыйым салған елдер тізімінен шығарылды.

  • 16 Қыркүйек 2020
  • 13
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлады.

Қазақстанның осы тізімнен шығарылуы COVID-19 таралуына байланысты еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын айғақтайды.
Сонымен бірге, АҚШ, Аргентина, Босния және Герцеговина, Бразилия, Израиль, Ирак, Испания, Катар, Кувейт, Молдова, Перу, Франция, Черногория және т. б. сияқты елдерді қоса алғанда, 30 мемлекет тікелей тұрақты әуе қатынасына тыйым салатын елдердің поляк тізімінде қалады. Мемлекеттердің аталмыш тізімін Польша үкіметі әр екі апта сайын шетелдегі эпидемиологиялық жағдай мониторингінің нәтижелеріне байланысты өзектендіреді.

Соңғы жаңалықтар