Порошенко соғысты тоқтатуға Обаманың араласуын сұрамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Порошенко соғысты тоқтатуға Обаманың  араласуын сұрамақ

Порошенко соғысты тоқтатуға Обаманың араласуын сұрамақ

Украинаның шығысындағы жағдай қайта ушығып жатыр. Өткен жұмадан бері Мариупольдегі қантөгістен кейін атыс-шабыс енді Донецкнің өзіне ауысқан. Жан-жақтан ұшқан снарядтар тұрғын үйлерді жермен жексен етуде.

  • 27 Қаңтар 2015
  • 231
Фото - Caravan.kz

Тек соңғы бір тәуліктің өзінде мұнда 4 бейбіт тұрғын опат болған. Жараланғандар ондап саналады. Ресми мәліметке қарағанда, сепаратистер Донецк маңындағы елді-мекендерге жаппай шабуылдап жатыр. Көбіне Украина әскері тойтарыс берген. Осы ушыққан жағдайға байланысты президент Петр Порошенко келіссөздерді енді жаңа форматта өткізуді ұсынып отыр. Яғни, келіссөзге Ресей, Украина, Франция мен Германиядан бөлек АҚШ-тың да қатысуы керектігін алға тартты. Өйткені арағайындыққа Вашингтон араласпаса тараптардың бір тоқтамға келер түрі жоқ. Айта кетсек, ресми Астана Украинаға қатысты кез-келген форматтағы келіссөзге қолдау білдіріп отыр.