Порошенко Украинаға Қырымды қайтаруға уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Порошенко Украинаға Қырымды қайтаруға уәде берді

Порошенко Украинаға Қырымды қайтаруға уәде берді

Украина Президенті Петр Порошенко биліктің Киевке Қырымды бақылауды қайтарып беру жоспары туралы мәлімдеді.

  • 23 Ақпан 2015
  • 314
Фото - Caravan.kz


«Украина мемлекеті уақытша басып алынған аумаққа бақылауды қайтарады. Бұл тез, әрі оңай болады деп айта алмаймын. Бірақ бұл міндетті түрде болады, біз бірге жартылай аралдың ұлтына, тілі мен дініне қарамастан барлық тұрғындарының құқығы мен мүддесі қамтамасыз етілетін жаңа Қырым құрамыз», — деп П.Порошенконың бүгін Қырымда украин халқына арнап аратқан мәлімдемесінде айтылған.
2014 жылғы 23 ақпандағы оқиға мен жартылай аралды Ресейге қосу туралы референдумды Украина президенті украин халқының ажырамас бөлігі — Қырымды күштеп басып алуға бағытталған әрекет деп атады.
Президент украин мемлекеті халықаралық құқық пен Украинаның ұлттық заңына қарама-қайшы жүргізілген ойрандаушы актінің қорытындысын қайткен күнде де мойындамайтынын атап көрсетті.
«Украина Қырымға өзінің егемен құқығынан ешқашан бас тартпайды, онда тұратын адамдардың құқығын қорғайтын болады. Бұл мәселеде украин билігі, саясаткерлер мен азаматтық қоғам арасында толық келісім бар. Бізді осы жағдайда әлем мемлекеттері мен барлық халықаралық ұйым қолдап отыр», дейді П.Порошенко.