«Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 232-ші бабы бойынша деп танылды. Оған 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынсын. Үкім 15 күннен кейін күшіне енеді», — деп дүйсенбі күні судья Марат Елемесов мәлім етті.
2013 жылдың 31-тамызында «Прайм Плаза» сауда ойын-сауық орталығында әнші Қайрат Нұртастың концертіне келген көрермендер жаппай тәртіпсіздік орнатып, бір-біріне тас пен бөтелке лақтырған. Салдарынан сауда орталығы мен бірнеше машинаны зақымданып, сол жолы 90 адам жарақат алған-ды. Олардың арасында құқық қорғау орындарының 37 қызметкері бар.