Жалпы әлем бойынша Иисус Христостың туған күнін 180 миллион православ атап өтеді екен. Ғибадатханаларда Иса пайғамбардың өмірінен сыр шертетін қойылымдар өткізіліп, шіркеу қызметкерлері жұртшылықты мейірімділікке, кешірімді болуға шақырады. Сонымен қатар, ренжіскен адамдарды татуласуға үндейді. Православ күнтізбесі бойынша бұл мейрам келесі аптада да жалғасын таппақ. Айта кетсек, Рождество мерекесі 2005 жылдан бері елімізде демалыс күні болып бекітілген.