Телеарнаның берген ақпараты бойынша, «К. Мәсімов барлық аймақтардың басшыларына және соған қатысты ведомстволардың министрлеріне жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағаларын бақылауға алуды тапсырды».
«Үкімет басшысы әкімдерді бағалардың күрт өсуі туралы ақпаратты, үкіметтің азық-түлік бағаларын төмендету жөніндегі орталық штабына жеткізуді міндеттеді», — деген ақпаратты «КТК» таратты.
Телеарнаның мәліметтері бойынша, өз кезігінде облыс әкімдері, «азық-түлік базарлары бақылауға алынған және барлық жерде азық-түлік қорлары құрылған. Сондықтан, әзірге бағалар тұрақты»,- деді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті