Жарияланды: 460

Премьер кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесінің (БҮК) отырысын өткізді.

«Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі БҮК-тің отырысын өткіздім», - деп жазыптыК. Мәсімов бейсенбі күні Twitter-ге. «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі БҮК мемлекет басшысының 2010 жылдың 26 ақпанында ел президентінің жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің пленарлық отырысы кезінде берген тапсырмасын орындау мақсатында құрылған, ол мемлекет пен бизнестің ҚР-дың 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының, үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының мақсаттарын орындау ісіндегі күш-жігерін біріктіруді көздейді» - делінген үкімет басшысының сайтындағы ақпаратта. Сондай-ақ, БҮК дағдарысқа қарсы кеңестің, әкімшілік кедергілерді жою және бизнес жүргізу жөніндегі жұмыс тобының функцияларын біріктіріп, жолға қойылған өзара ықпалдастық тетігін сақтап, сабақтастықты қамтамасыз етеді. Кеңес стратегиялық экономикалық міндеттерді, кәсіпкерліктің ағымдағы проблемаларын жедел шешу кезінде жан-жақты диалог өткізуді және келісілген позиция шығаруды қамтамасыз етеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін