Премьер-министр Алматы әкіміне қаладағы құрылыстарды заңға сәйкес ретке келтіруді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Премьер-министр Алматы әкіміне қаладағы құрылыстарды заңға сәйкес ретке келтіруді тапсырды

Премьер-министр Алматы әкіміне қаладағы құрылыстарды заңға сәйкес ретке келтіруді тапсырды

Астана. 30-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Премьер-министр Алматы әкіміне қаладағы құрылыстарды заңға сәйкес ретке келтіруді тапсырды. Бұл туралы ол кеше Алматыдағы құрылыс жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 30 Қазан 2007
  • 448
Фото - Caravan.kz

«20-қарашаға дейін заңға сәйкес Алматы қаласындағы құрылыстарды құрылыс салу және нысандарды реконструкциялау барысында жергілікті атқару органдарының міндетті түрде рұқсатын алу тұрғысынан ретке келтірілсін»,- деді Кәрім Мәсімов.

Үкімет басшысы сондай-ақ «Бекінбай мен Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің су қорғанысы аймақтарында шекара белгілеуді» тапсырды. Сонымен қатар, Алматы әкіміне «2008 жылдың 1-мамырына дейінгі мерзімде Бекінбай мен Кіші Алматы өзендерінің шатқалын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу» тапсырылды. Алматы әкіміне 2008 жылдың 20-желтоқсанына дейін «Алматының қаласының маңын дамытудағы қала құрылысы жоспарлауының кешенді жобасын әзірлеу» тапсырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті