Жарияланды: 440

Премьер-министр «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасын іске қосу рәсіміне қатысты

Кәрім Мәсімов бүгін «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасын іске қосу рәсіміне қатысты, деп хабарланды Facebook.com сайтындағы премьердің блогында.

Елбасы Н.Назарбаев жеңіл рельсті трамвайдың бірінші желісі құрылысының басталу құрметіне жерге капсула көмді. Бұл жоба үш кезеңде жүзеге асырылады. Ұзындығы 16,39 шақырымды құрайтын бірінші желінің құрылыс-монтаж жұмыстарын 2013 жылдың желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Трамвай желісінің жалпы ұзындығы 41,81 шақырымды құрайды және 27 стансаны қамтитын болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін