Премьер-министр еліміздегі азық-түлік нарығындағы баға тұрақтанды деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Премьер-министр еліміздегі азық-түлік нарығындағы баға тұрақтанды деп санайды

Премьер-министр еліміздегі азық-түлік нарығындағы баға тұрақтанды деп санайды

Астана. 15 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Премьер-министр Кәрім Мәсімов еліміздегі азық-түлік нарығындағы баға тұрақтанды деп санайды. Бұл туралы ол бүгін үкіметте өткен селекторлық кеңесте мәлімдеді.

  • 15 Қазан 2007
  • 376
Фото - Caravan.kz

«Ахуал тұрақтанды. Мемлекет басшысы берген тапсырма орындалды», -деді Кәрім Мәсімов.

«Әйтсе де, алдағы уақытта біз мұндай жағдайдың туындауына жол бермеуіміз және туындаған тауқыметті «от алып, қопаға салына» шешпеуіміз қажет», — деді премьер.

Кәрім Мәсімовтың пікірінше, елімізде өзін-өзі реттейтін жүйе қалыптасуға тиіс. Осыған байланысты үкімет басшысының пікірінше, «бәсекелестікті дамыту, ел ішінде өз өндірістерімізді дамыту мәселелері шешуші сипатқа ие болуға тиіс, ал осы мақсат әлі де шешілген жоқ». Премьер-министр осы мәселенің шешіміне қатысты кешенді шараларды бір аптада дәйектеуді тапсырды.

Өз кезегінде еліміздің индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов еліміздің азық-түлік нарығындағы ахуалға жүргізілген талдау нәтижесі «қазіргі жағдаймен елімізде бағаның шұғыл шарықтау құбылысы тоқтатылды», деп айтуға негіз болып отырғанын жеткізді.

«Үкімет ахуалды толық бақылауға алды, бағаға қатысты ахуал негізінен қалпына келтірілді», — деді индустрия және сауда министрі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті