Премьер-министр елордада карантинді күшейтуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Премьер-министр елордада карантинді күшейтуді тапсырды

Премьер-министр елордада карантинді күшейтуді тапсырды

 

  • 22 Маусым 2021
  • 95
Фото - Caravan.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин төрағалық еткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауға алынған. Вирустың репродуктивтік индексі — 1, инфекциялық төсек орындар 25 пайызға, реанимациялық төсек орындары 21 пайызға толы. Нұр-Сұлтан қаласы әлі де "қызыл аймақта" тұр, "сары аймақта" 5 өңір: Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған 11 өңір – "жасыл аймақта"", — деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Бүгінгі таңда 2,8 миллионнан астам адам бірінші компонентті, 1,7 миллионнан астамы екінші компонентті алды.

Премьер-министр елордада коронавирустың "Дельта" үнді штамына тән мутацияның ықтималдығы анықталып отырғанын, оның таралу жылдамдығы өте жоғары, жылдам өршитінін және салдары анағұрлым ауыр екенін атап өтті.


Үкімет басшысы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды, Ведомствоаралық комиссияға елордадағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейту бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.

"Жалпы, Қазақстандағы жағдай тұрақты болғанына қарамастан, көрші мемлекеттердегі жағдай нашарлай түсті. Сондықтан мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту керек, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтауға және вакциналау қарқынын арттыруға ерекше назар аудару қажет", — деді Мамин.

Соңғы жаңалықтар