Премьер-Министр Кәрім Мәсімов АҚШ-тың Ауғанстан және Пәкістан бойынша арнайы өкілімен терроризм қаупіне қарсы тұру мәселелерін талқылады
Бүгін Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов АҚШ-тың Ауғанстан және Пәкістан бойынша арнайы өкілі Марк Гроссманмен кездесті. Бұл туралы Үкімет басшысының Facebook және Vkontakte-дағы блогтарында хабарланып отыр. Кездесу барысында халықаралық ұйымдар аясында екіжақты ынтымақтастық, өңірлік қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ халықаралық есірткі тасымалына және терроризм қаупіне қарсы тұру мәселелері талқыланды. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін