Жарияланды: 560

Премьер-министр "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ қызметінің биылғы жылдың 6 айындағы қорытындысы бойынша жиналыс өткізді

Астана. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ қызметінің биылғы жылдың 6 айындағы қорытындысы бойынша жиналыс өткізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметі жариялаған хабарламада көрсетілгендей, қазіргі күні қор атқаратын негізгі қызмет - экономиканы әртараптандыруға ықпал ету, корпоративтік басқарудың дамыған жүйелері арқылы экономикалық тиімділікті арттыру. Ел президентінің тапсырмасы бойынша үкімет 2007 жылдың 6 қарашасындағы қаулысымен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-әрекеттер жоспары жасалып, бекітілген. "Қазына" қоры мемлекеттік тұрақтандыру бағдарламаларын жүзеге асыратын оператор болып бекітілген. Қор басшылығының есептерін тыңдай отырып премьер-министр мемлекет басшысының үкімет пен мемлекеттік холдингтер алдында қойған экономиканы модернизациялау бойынша барлық тапсырмалар орындалуы тиіс екенін атап көрсетті. "Қазына" тұрақты даму қоры" осы тапсырмаларды тиімді жүзеге асыру үшін барлық қолда бар қаржылық және институционалдық мүмкіндіктерін пайдалануы тиіс. Мемлекет басшысының тапсырмалары орындалуы шарт", - деп атап көрсетті К. Мәсімов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть