Бұл жөнінде үкімет аппаратының қоғаммен байланыс бөлімі хабарлады, деп жазды centralasian.org
Үкімет басшысы өзінің тікелей бақылауындағы 19 жастағы Бурулай Турдаалы кызының қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс соңына дейін зерттеліп, кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылады деген.
Биыл 27 мамырда Шу облысы Жайыл ішкі істер бөлімшесінде 19 жастағы медициналық колледж студенті Бурулай Турдаалы қызы азаптап өлтірілді. Күдікті — оны алып қашқан жігіт. Милиция бөлімшесінде қызды пышақтаған соң, өзіне де қол жұмсамақ болған. Бұл оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. Ел президенті Сооронбай Жээнбековтің өзі үкіметке оқиғаны жіті тергеуді талап етті.
ІІМ қызметтік тергеуінің нәтижесінде 23 милиция қызметкеріне қатаң ескерту жасалып, 13-і қызметінен босатылды.
Қызды өлтірді деген айыпталушы Марс Бодошов 12 маусымда сот шешімімен ауруханадан тергеу абақтысына ауыстырылып, екі айға қамауға алынды.
Бурулай Турдаалы кызының ата-анасы марқұмның денесін эксгумациялауды талап етеді. Олар сараптама қорытындысымен келіспейді. Марқұмның әкесі сараптама қорытындысында Бурулайдың денесіне пышақпен жазу қалдырылғаны жөнінде айтылмаған дейді.
Оқи отырыңыз:
Магистратура дипломын сатып алды деп сыналған Мейрамбек Бесбаев енді докторантура оқымақшы
Абай ауылындағы бала: Атышулы іске қатысты тергеу қалай жүріп жатыр?
Бүркітшілер жарысы кезінде жыртқыш құс жас қыз балаға бас салды