Магистратура дипломын сатып алды деп сыналған Мейрамбек Бесбаев енді докторантура оқымақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Магистратура дипломын сатып алды деп сыналған Мейрамбек Бесбаев енді докторантура оқымақшы

Магистратура дипломын сатып алды деп сыналған Мейрамбек Бесбаев енді докторантура оқымақшы

Мейрамбек Бесбаевтың магистр атанғаны әсіресе, ғылым жолында жүрген профессорлардың наразылығын туғызған еді. Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Мырзантай Жақып екі жыл бойы сабаққа келмесе де, магистратурады оқитын отандық жұлдыздарға бестік баға қоюға мәжбүр екенін айтқан болатын.

  • 17 Шiлде 2018
  • 391
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. 

Сондай-ақ, ол грантқа таласқан жұлдыздар нағыз білімді жастардың жолын жабуда деп ашынған-тын. Алайда қатал сынға ұшырағанына қарамастан, Мейрамбек Бесбаев оқуын жалғастырмақ ниетте. Бұл туралы ол 31-арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтты.

Мейрамбекке бір "қатырма қағазыңды" қимайсың ба, қазағым? 

“Қорғау қиын болған жоқ. Бұл өзімнің салам. Бала күнімнен жүрген сала. Оның үстіне, Алтынбек Қоразбаев туралы тақырып зерттелмеген екен. Бұл кісінің қазақ мәдениетіндегі орны, еңбегі, сол тұрғыда жан-жақты зерттеулер жүргіздім. Ұстазымның қасында менен көп жүрген адам жоқ шығар. Сондықтан кішігірім документалдық фильм жасадым. Оның ішіне бәрі сыймаса да, 30 минутқа сыйдырып, жақсы дүние жасадық.
Жалпы әрі қарай дамытсам да деп ойлаймын. Көп нәрселерді аштым. Ыстанбұлға барған кезде де, сол жақтағы консерваторияда түркі әлемімен біздің ұқсастығымыз, музыкамыз, бізді не байланыстырады, сол туралы көп нәрсе аштым. Ал енді жоқ, жоғары білім бар ғой деп жүре берсем, жүре бергендей болады екенмін. Өнердің төңірегінде көп жаңалықтар аштым, ұстаздарға рақмет айтамын”, – дейді Мейрамбек Бесбаев.


10 диплом алса да жарасады: Желі қолданушылар магистр атанған Мейрамбекті жақтап шықты

Әнші магистратурада оқып жүрген кезінде гастрөлге шығып тұрғанын жасырмайды. Десе де, зерттеу жұмысына да жіті көңіл бөлуге тырысқан. Тіпті, ол үшін өндірістік тәжірибеден өтіп, арнайы Ыстанбұлға барған. Бесбаев мүмкіндік болған жағдайда, оқуын докторантурада жалғастырғысы келеді.
“Оқығым келеді, әрі қарай уақытқа да байланысты. Бұл жолы да гастрөлдік сапарлар болды, ізденісте жүрдім”, – дейді ол.

Оқи отырыңыз:

ШҚО мектептерінде жаңа пән енгізіледі

Абай ауылындағы бала: Атышулы іске қатысты тергеу қалай жүріп жатыр?

Бүркітшілер жарысы кезінде жыртқыш құс жас қыз балаға бас салды

 

 

Соңғы жаңалықтар