Абай ауылындағы бала: Атышулы іске қатысты тергеу қалай жүріп жатыр? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абай ауылындағы бала: Атышулы іске қатысты тергеу қалай жүріп жатыр?

Абай ауылындағы бала: Атышулы іске қатысты тергеу қалай жүріп жатыр?

Қазақстандықтарды алаңдатып отырған ОҚО-ның Абай ауылында 7 жасар балаға қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр. Аталған істің жабылмағаны туралы мәлімдеме жасаған қоғам белсендісі Аружан Саин тергеудің жабық режимде өтіп жатқанын тағы да еске сала кетті.

  • 17 Шiлде 2018
  • 276
Фото - Caravan.kz

«Біздің білуімізше бұл іс жабылған жоқ, тергеу әлі жалғасуда. Қазір бала анасымен бірге Алматыдағы аналар үйінде. Біздің команда оларға тиісті көмек көрсетіп жатыр. Оның ішінде балаға репетор жалдауда, оның денсаулығына қатысты туындаған мәселерді шешуде, сондай-ақ қажет болғанда, көлік шығындарымен және басқа да үй шаруашылығымен байланысты мәселелерде көмек көрсетілуде»,- деді Аружан Саин.

Оның сөзінше, Құрманғазы Мұсир Абай ауылынан баланың әжесін ертіп келетін адвокат іздеп жатыр, бірақ әлі күнге дейін ешкім табылмады. Сонымен қатар, ол істің жабық режимде өтіп жатқанын ескере кетіп, онда не болып жатқатын білуге құқығымыз жоқ дейді.

«Баланың анасы мен қорғаушысы іске қатысты қандайда бір ақпаратты жарияламау туралы қолхат толтырып қойғандықтан, ештеңе айта алмайды. Тергеуші де менің қоңырауларыма жауап бермейді. Алайда, мен бастапқыда одан басшылығынан брифинг немесе пресс-релиз өткізуін сұрасын деп өтінген болатынмын. Себебі Қазақстанның көптеген тұрғындары баланың тағдырына қатты алаңдап отыр және халыққа құрмет көрсетіп, не болып жатқанынан хабардар қылу керек деген едім»,- дейді қоғам белсенді тергеу жөнінде.

Атышулы іске қатысты осындай мәлімдеме жасаған қоғам белсендісі жоқ дегенде баланың құқығын қорғау жөнінде уақтылы шаралар қабылдамаған адамдарға қатысты тергеудің қалай жүріп жатқандығы туралы айтуға болар еді ғой дейді. Оның сөзінше, оларға қатысты қозғалған іс кәмелетке толмаған баланың жыныстық қудалауға ұшырауына байланысты емес, өйткені олар кез келген жағдайда заң бойынша өз міндеттерін орындауы тиіс.


«Бұл істің айналасында ақылға қонбайтын әңгімелер өрбіп жүр. Біз тіпті осындай қауесеттен шаршап кеттік. Және бала да, анасы қаншалықты шаршады! Біз мұндай істерді тергеудің ұзаққа созылатынын, оның үстіне өте қиын және көп уақытты қажет ететінін түсінеміз»,- деді қоғам белсендісі.

Соңғы жаңалықтар