Премьер-министр тұрғын үй инспекцияларын құру қажет деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Премьер-министр тұрғын үй  инспекцияларын құру қажет деп санайды

Премьер-министр тұрғын үй инспекцияларын құру қажет деп санайды

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов тұрғын үй инспекцияларын құру қажет деп санайды. Бұл туралы ол бүгін өткен үкіметтің отырысында мәлімдеді.

  • 25 Қыркүйек 2007
  • 348
Фото - Caravan.kz

«Осыдан он жыл бұрын біз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының реформасын бастаған кезде біз тұрғын үй қорының ахуалын қадағалау және тұрғын үйлерді тексере отырып беті ашылған заң бұзушылықтарды жоюға нұсқау беру мәселелерін назардан тыс қалдырып алдық», — деді ол.

«Менің пайымдауымша, мұндай құқық әкімшіліктерге берілуге тиіс. Қазіргі реформалардың аясында облыстар, Астана және Алматы қалалық әкімшіліктеріне тұрғын үй инспекцияларын құруға тапсырма беремін», — деді Кәрім Мәсімов.

Премьер-министр Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне және басқа да мемлекеттік мекемелерге «осындай инспекцияларды құрып, тиісті қаржы бөлуді» тапсырды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті