Президент 2021 жылы рақымшылық жасалатынын мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент 2021 жылы рақымшылық жасалатынын мәлімдеді

Президент 2021 жылы рақымшылық жасалатынын мәлімдеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Қазақстанда қылмыстық жауапқа тартылғандарға рақымшылық жасалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

  • 29 Қазан 2020
  • 53
Фото - Caravan.kz

Нұр-Сұлтанда Тоқаевтың төрағалығымен ІІМ-нің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Онда ішкі істер органдарының биылғы тоғыз айда атқарған қызметінің қорытындылары мен Президент тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

"Президент өз сөзінде келесі жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, заңға сәйкес азаматтар мен тұтастай мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар үшін жауапқа тартылғандарға рақымшылық жасалатынын мәлімдеді", — делінген хабарламада.

Тоқаев полиция қызметін цифрландыру, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейту, отандық пенитенциарлық жүйенің жағдайын жақсарту қажетін де айтты. 


Соңғы жаңалықтар