Президент болғысы келетін кәсіпкер шығармадан 92 қате жіберіп "мемлекет" деген сөзді дұрыс жаза алмаған - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент болғысы келетін кәсіпкер шығармадан 92 қате жіберіп  "мемлекет" деген сөзді дұрыс  жаза алмаған

Президент болғысы келетін кәсіпкер шығармадан 92 қате жіберіп "мемлекет" деген сөзді дұрыс жаза алмаған

Президенттік тақтан үміттілердің саны тағы үш адаммен толықты. Жалпы 9 адамның 8-і өзін-өзі ұсынса, біреуі ғана коммунистер атынан алдағы додада бақ сынап көрмек. Тақтан дәмелілер арасында құрылысшы, көлік жүргізушісі, зейнеткер, жанармай бекетінің қожайынына дейін бар.

  • 6 Наурыз 2015
  • 238
Фото - Caravan.kz

Бүгін сол үміткерлердің бірі алғашқы сыннан-ақ сүрінді. 56 жастағы  кәсіпкер Асқар Сырғабаев мемлекеттік тілге шорқақ екен. Лингвистикалық комиссия оны президенттікке кандидат болуға жарамсыз деп тапты. Жалпы үміткерлерді тіркеу 25-ші наурызда аяқталады. Оған дейін әлі талай адамның Орталық сайлау комиссиясы мүшелерін мазалайтын түрі бар. Ал тіркеу мерзімінен соң бір ай бойы үгіт-насихат науқаны басталмақ. Осыған орай елімізде сайлау барысын бақылау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын қайта жандандырды. 26-шы сәуірге белгіленген басты саяси науқанның өзіне бюджеттен 5 жарым млрд теңге бөлінгелі отыр.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

-Тиісті мемлекеттік органдармен бұл мәселені талқыладық. Арнайы жұмыс тобы да құрылды. Президент сайлауын өткізуге  5 миллиард 500 миллион теңге  қаржы  жұмсалады. Қаражат Үкіметтің қорынан бөлінеді деп отырмыз.