Президент бүлдіршінді құтқарып қалған Ұлттық гвардия жауынгерін марапаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент бүлдіршінді құтқарып қалған Ұлттық гвардия жауынгерін марапаттады

Президент бүлдіршінді құтқарып қалған Ұлттық гвардия жауынгерін марапаттады

ІІМ Ұлттық гвардиясына қарасты №5451 әскери бөлімше жауынгері Алтынбек Қабылбеков өз басын қатерге тігіп, кішкентай бүлдіршінді жол апатынан аман алып қалғаны үшін марапатталды.

  • 15 Мамыр 2014
  • 392
Фото - Caravan.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оған «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалін беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі. Награда жұма, 16-мамыр күні Қарағанды қаласында табыс етіледі.

Бұған дейін хабарланғандай, 7-наурыз күні қатардағы жауынгер А.Қабылбеков Қарағанды қаласында қоғамдық тәртіпті күзету барысында кішкентай қыз баланы өлімнен арашалап қалған болатын.

Қараңғы түскен шақта жауынгер кішкентай қыздың көлік ағылып жатқан көшеге шығып бара жатқанын аңғарады. Сол сәтте ойланбастан баланы жаяу жүргіншілер жолына қарай итеріп жіберген А.Қабылбековтың өзін машина қағып кетті. Жауынгердің аяғы сынған.