Н. Назарбаев «республиканың оңтүстік аймағында газ сұранысын толық қамтамасыз ету мақсатында, Бейнеу-Шымкент магистральдық газ құбырын тарту жөніндегі мәселені тақылап, құрылысқа көшуді» тапсырды . Сондай-ақ, ол үкіметке «Ақтау қаласында атом электр станциясы құрылысына қатысты нақты ұсыныстарды енгізуді» тапсырды.
Мемлекет басшысы атап өткеніндей, халықты электр қуатымен қамтамасыз етудің басты міндеттеріне Балхаш ТЭС, Екібастұз ГРЭС-2 үшінші қуат блогының құрылысы, Мойнақ ГЭС құрылыстары кіреді. Ол сондай-ақ, 2009 жылы «Солтүстік-Оңтүстік-Қазақстан» жобасы бойынша электр тарату қуаттылығы 700 кВт екінші желісі мен «Солтүстік Қазақстан -Ақтөбе облысы» электр тарату желісінің құрылыстарын аяқтау қажет дегенді айтты.
«Үкімет сонымен бірге электр қуатын үнемдейтін, экологияға зардап келтірмейтін технологияларды енгізуге күш жұмсауы керек», — деп қорытындылады Н. Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті