Президент елге енгізілетін медициналық препараттардың сапасына қойылатын бақылауды күшейтуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент елге енгізілетін медициналық препараттардың сапасына қойылатын бақылауды күшейтуді тапсырды

Президент елге енгізілетін медициналық препараттардың сапасына қойылатын бақылауды күшейтуді тапсырды

Астана. 6 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елге енгізілетін медициналық препараттардың сапасына қойылатын бақылауды күшейтуді тапсырды. Бүгін Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауын парламент палаталарының бірлескен отырысында жария еткен мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осындай тапсырма берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Ақпан 2008
  • 506
Фото - Caravan.kz

Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылуға тиіс.

«Елге енгізілетін медициналық препараттардың сапасына қойылатын бақылауды күшейту қажет, отандық фармацевтикалық фабрикаларды құруға инвестицияларды белсене тарту керек», — деді президент.

Президенттің пікірінше, «жалпы алғанда отандық денсаулық сақтау жүйесі әзірге заманауи талаптарға сай келмей отыр». «Қазіргі бар инфрақұрылым мен медициналық қызметтің сапасы біздің көңілімізден шықпайды. Осыған байланысты үкімет денсаулық сақтау нысандарын дамыту мен қалпына келтіру жұмыстарын пәрмендендіре түсуге тиіс», — деді Н. Назарбаев.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша медициналық мамандықтарға бөлінетін квота мен медициналық жоғары оқу орындарына бөлінетін гранттардың санын арттыру қажет, деді президент.

Н.Назарбаевтың хабарлауынша, ағымдағы жылы республикамызда республикалық деңгейдегі он нысан мен жергілікті маңызы бар 112 нысан салу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті