Президент еліміздің мәдениет және ақпарат министрі мен "Ақ жол" партиясының төрағасын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент еліміздің мәдениет және ақпарат министрі мен "Ақ жол" партиясының төрағасын қабылдады

Президент еліміздің мәдениет және ақпарат министрі мен "Ақ жол" партиясының төрағасын қабылдады

АСТАНА. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевты қабылдады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

  • 20 Қыркүйек 2006
  • 389
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында мәдениет саласын, еліміздің ақпараттық кеңістігін дамытуға байланысты көптеген мәселелер және министрліктің заң шығару жұмысы талқыланды.

— Осы жылдың соңына дейін парламент мәжілісіне бірнеше заң жобасын ұсынбақпыз. Ақпараттық кеңістікке келер болсақ, мемлекет басшысы 18 тамызда «Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамыту тұжырымдамасы туралы» жарлыққа қол қойды. Сондықтан біздің әңгімеміз барысында бүгінгі таңда министрлік алдында тұрған негізгі міндеттер барынша нақтыланды, — деді Е.Ертісбаев журналистерге арналған брифингте.

Мемлекет басшысы «Ақ жол» партиясының төрағасы, Демократиялық реформаларды әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі Әлихан Байменовті оның өтініші бойынша қабылдады.

— Елбасымен кездесуде елдегі қалыптасқан жағдай, саяси-экономикалық ахуал және Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолындағы шаралар әңгіме болды. Сонымен қатар, Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету туралы Елбасының бастамасын «Ақ жол» партиясының қолдайтынын білдірдім, — деді Ә.Байменов БАҚ өкілдеріне арналған брифингте.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар