«Еуропаға апаратын жол» атты арнайы бағдарлама дайындау қажет. Ол экономикалық ықтымақтастықты дамытуға, жаңа технологияларды енгізіп, басқару тәжірибесін молайтуға, біздің заңдарымызды жетілдіруге, ЕҚЫҰ-ына біздің төрағалық етуіміздің стратегиясын күн тәртібінде жоспарлап, дайындау істерінде көмек көрсетуі керек», — деп түсіндірді мемлекет басшысы.
Н. Назарбаев сондай-ақ, «ЕҚЫҰ төрағалық қызметіне біздің кандидатурамызды ұсынған» ТМД елдерінің басшыларына ризашылығын білдірді.
«Бүгінде біздің мемлекет халықаралық мойындаудың жаңа деңгейіне көтерілді. Оған Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық ету жөнінде шешім толық дәлел бола алады «, — деп атап өтті президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті