Президент көктемде өндіріс жұмысшыларының жалақысын 10 пайызға көтеруді жүктеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент көктемде өндіріс жұмысшыларының жалақысын 10 пайызға көтеруді жүктеді

Президент көктемде өндіріс жұмысшыларының жалақысын 10 пайызға көтеруді жүктеді

Бүгін Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өндіріс жұмысшыларының жалақысын 10 пайызға арттыруды тапсырды.

  • 14 Ақпан 2014
  • 519
Фото - Caravan.kz

«Cамұрық-Қазына» қорына, оның  құрамына кіретін компанияларға 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап тікелей өндірісте жұмыспен қамтылған жұмысшылардың жалақысын 10 пайызға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырамын. Тек қана өндірістегілердің айлығы артатын болсын», — деді Елбасы қор басшысы Ө. Шөкеевке қаратып айтқан сөзінде.

Осы орайда Мемлекет басшысы кеңселік қызметкерлердің жалақысын арттыру керек емес екенін қадап айтты.


Н. Назарбаев  тау-кен және металлургиялық,  мұнай-газ саласындағы ірі компаниялар,  ұлттық компаниялар өндірісте қамтылған жұмысшылардың айлығын аталған деңгейде көтеру керек екенін атап өтті.