Президент Конституциядан қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттен қаржыландыруға тыйым салатын норманы алып тастауды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Конституциядан қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттен қаржыландыруға тыйым салатын норманы алып тастауды ұсынады

Президент Конституциядан қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттен қаржыландыруға тыйым салатын норманы алып тастауды ұсынады

АСТАНА. 16-мамыр. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Конституциядан қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттен қаржыландыруға тыйым салатын норманы алып тастауды ұсынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

  • 16 Мамыр 2007
  • 554
Фото - Caravan.kz

Бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциға енгізілетін өзгерістерді таныстырған мемлекет басшысы: «қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттен қаржыландыруға тыйым салатын нормадан бас тарту ұсынылып отыр»,- деді. «Бұл тыйым іс жүзінде мемлекетіміздің бұрынғы бір партиялы жүйеге қатысты көзқарасын білдірді және ол болашақта тоталитарлық билікке жол бермеуге бағытталды»,- деді президент.

«Сол себепті қазір саяси партиялардың іс-қызметін жартылай республикалық бюджеттен қаржыландыруға бағытталған тәжірибелік тетіктерді ойластырған орынды»,- деді Н.Назарбаев.

Сонымен бірге, мемлекет басшысының пікірінше, «саяси мақсат-мұраттарды шешуде басты құралға айналатын партиялық фракциялардың ролін көтеруге құқықтық негіз қалау қажет». «Болашақ үкімет басшысының кандидатурасы дәл осы фракциялардың отырыстарында талқыланатын болады. Депутаттардың қалай дауыс беретіндігін фракциялар айқындайды»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті