«Демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның нұсқауларына сәйкес, Конституциялық кеңес, Орталық сайлау комиссиясы мен Есеп комитетінің құрамын жасақтау схемасы өзгертілуге тиіс»,- деді бүгін Н.Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында.
Оның нақтылауынша, «олардың құрамын парламент палаталарын тең қатыстыра отырып, мейлінше демкратиялық негізде жасақтау ұсынылып отыр».
«Конституциялық кеңес құрамының үштен екісі, Орталық сайлау комиссиясы құрамының үштен екісі, Есеп комитеті құрамының үштен екісін парламент жасақтайтын болады»,- деді Н.Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті