Президент Назарбаев орыс тілін ұмытпауды және ағылшын тілін оқу керектігін еске салды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Назарбаев орыс тілін ұмытпауды және ағылшын тілін оқу керектігін еске салды

Президент Назарбаев орыс тілін ұмытпауды және ағылшын тілін оқу керектігін еске салды

 Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кезекті рет қазақстандықтардың есіне орыс тілін ұмытпау керектігін салды.

  • 29 Қараша 2013
  • 769
Фото - Caravan.kz

"Қазақстан біздің мемлекеттік тіліміз қазақ тілін білуі керек, Орыс тілі-біздің "үлкен" көршіміздің тілі, БҰҰ алты тілінің бірі. Осы тіл арқылы біз ұлы мәдениет, ұлы әдебиетке шыға алдық, осымен келісесіздер ғой. Басқа қай тіл арқылы білер едік? Сол себепті, бұл тілді ұмытуға болмайды, әр тіл- адамның байлығы", деді ол жұмада Астанада "Болашақ" халықаралық президенттік стипендиясының 20-жылдығына арналған форумда.

"Ағылшын тілі бізге халықаралық сахнаға шығу үшін керек. Әлемде басылып жатқан 10 млн кітаптың 85% ағылшын тілінде. Ғылым, даму, ақпараттық технологиялар бәрі де ағылшын тілінде. Қазақстанда 3,5 мыңнан аса шетелдік компания жұмыс істеуде, олармен қай тілде сөйлесеміз? Сол себепті үш тілді білген орынды", деді ол.