"Алматы халқының саны 1,5 млн адамға жуықтап қалды, Астана халқының саны да миллион адамға жетіп қалды, халқы миллионға жетерлік тағы бірнеше қала керек, Шымкент, немесе Ақтөбе, Қарағанды, басқа қала ма", деді ол Астанада жұмада "Болашақ" халықаралық президенттік стипендиясының 20 –жылдығына арналған форумда.
"Онда мәдениет пен ғылым дамуға тиіс. Бұл біздің болашағымыз. Ол қалалар адамға ыңғайлы, келешегі үлкен, тұрғын үй кешені жаңаланған болуы шарт, әрі олардың өмір сүру мәдениеті жоғары болуға тиіс", деді ол.
Қазақстан халқының саны 17 млн адамнан асып отыр.