Кездесуде президент жолдауы мен «Қазақстан-2050» стратегиясының жүзеге асырылуын құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етуге қажетті заң жобалары талқыланды.
Н.Нығматулин мемлекет басшысын мәжілісте атқарылған заң шығару жұмыстарының барысынан құлағдар етіп, депутаттардың елбасы жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында аймақтарға жасаған сапарларының қорытындысымен таныстырды.
Мәжіліс төрағасының айтуынша, халық қалаулылары еліміздің түпкір-түпкірінде 1300-ден астам кездесулер өткізген. Оған 140 мыңға жуық адам қатысыпты.
Сонымен қатар, бесінші шақырылымдағы парламент 255 заң жобасын қабылдаған. Оның 21-і депутаттардың бастамасымен әзірленді. Сенатқа жолданған 183 заң жобасының 173-і қабылданды. Қазіргі таңда мәжіліс қоржынында 60 жоба жатыр, деді Н.Нығматулин.
Кездесу соңында елбасы бірқатар нақты тапсырмалар берді.