Президент Қарағандыда Бұқар жырау ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Қарағандыда Бұқар жырау ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты

Президент Қарағандыда Бұқар жырау ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты

Қарағанды. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағандыда Бұқар жырау ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 1 Шiлде 2008
  • 1092
Фото - Caravan.kz

«Әр халық өзінің тарихын жадында тұтып, білуге, өз тарихын оқуға тиіс. Олай жасамаған адам қателеседі. Біз Абылай ханның кеңесшісі, ақын, ойшыл Бұқар жырау секілді қайраткерлерді ұдайы жадымызда ұстаймыз. Бұл ескерткіш аса әсем жерде тұр. Бұл мені осында келуге, сіздермен жүздесуге итермелеген оқиға», — деді Н. Назарбаев.

Астананың 10 жылдық мерейтойы туралы сөз қозғаған Н. Назарбаев «небәрі 10 жылда заманауи мегаполис салынғанын» атап өтті. Қарағандылықтар қалаға баруға, демалуға және жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар. Ол үшін біз Астана мен Қарағандының ортасында 6 жолақты автотрасса саламыз»,- деді ол.

Бұқар жырау ескерткішінің авторы Қазақстан суретшілері одағының мүшесі, мүсінші — Жеңіс Молдабаев. Ескерткіш Қазақстан суретшілері одағының Қарағанды облыстық ұйымының көркем өндірістік комбинатында жасалған. Ол қоладан құйылған. Оның биіктігі 4,2 метр, салмағы — 3,4 тонна.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті