Үш өлшемді панель пенополистирол толтырғыштан тұратын қатты бірақ жеңіл жүйе. Панельдің стандартты ені 1,2 метрді құрайды, ал оның ұзындығы клиенттің сұранысына байланысты өзгеріп отырады. 3Д панельдерді құрылыста пайдалану нысан құнын 46 — 60%-ға азайтуға, еңбек өнімділігін 5-6 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге ол ауыр жүк көтеруші механизмдерді пайдаланудан бас тартуға жол ашады.
«Silk city 3D Construction» Орталық Азиядағы осы тектес жалғыз инновациялық жобаға жатады.
Зауыт жылына 1 млн шаршы метр өнім шығарады. Бұл өндірісте 40 адам жұмыс істейді.
Н. Назарбаев бұған қоса Қапшағай қаласындағы жетекші кәсіпорындар өнімінің көрмесін аралады. Қала әкімі Сергей Зеленский мемлекет басшысына Қапшағайдың даму схемасын таныстырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті