Президент үкіметке әкімшілік реформалар жүргізуді жеделдетуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент үкіметке әкімшілік реформалар жүргізуді жеделдетуді тапсырды

Президент үкіметке әкімшілік реформалар жүргізуді жеделдетуді тапсырды

Астана. 6-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке әкімшілік реформалар жүргізуді жеделдетуді тапсырды. Бұл туралы бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында жыл сайынға халыққа жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 6 Ақпан 2008
  • 509
Фото - Caravan.kz

«Үкімет қарастырылған әкімшілік реформаларды, Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін дамыту шараларын халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, нәтижелілік, ашықтық, қоғам алдында жауаптылық қағидаларына сәйкес жедел қарқынмен жүзеге асыруға тиіс»,- деп мәлім етті Н. Назарбаев.

Ол сонымен қатар, «реформа төрешілдік пен сөзбұйдаға салушылықты төмендетуге себепші болуға тиіс» деп атап көрсетті. «Мемлекеттік қызмет — қызмет етуге тиіс»,- деп атап көрсетті ол. Сондай-ақ, президент «әкімшілік реформалардың басты элементтерінің бірі жаңа маман саясаты болуға тиіс», деп атап өтті.

«Мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа басқарушы формацияның кәсіби түпқазығын қалыптастыруға бағытталған заманауи көзқарас әзірлеу қажет»,- деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, «жас ұрпаққа, «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне маңызды рөл берілуге тиіс». «Жас кәсіпшілер елде болып жатқан процесстерден өз орындарын таба біліп, болашақты құруға белсене атсалысуға тиіс»,- деп атап көрсетті президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті