Жарияланды: 630

Президент үкіметке тұрақтандыру бағдарламасының аясында тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық несиелендіру проблемаларын шешуге 3 млрд доллар бөлуді тапсырды

Астана. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке тұрақтандыру бағдарламасының аясында тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық несиелендіру проблемаларын шешуге 3 млрд доллар бөлуді тапсырды. Бұл туралы президент бүгін Астанада ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жылжымайтын мүлік нарығы тауқыметтердің түйініне айнадып, оның айналасында банктер, құрылыс компаниялары мен халықтың мүдделері шоғырланды", - деді Н. Назарбаев. "Мемлекет бұл процессте белсенді рөл атқаруға тиіс, сол себепті мен үкіметке тұрақтандыру бағдарламасының аясында тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық несиелендіру проблемаларын шешуге 3 млрд доллар бөлуді тапсырамын", - деді ол. Бірақ осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев құрылыс компанияларына мемлекеттің көмегін алған соң халықты қол жетімді баспанамен қамтамасыз етуді, Алматыда бір шаршы метрдің құны 1000, ал Астанада 700-800 доллардан аспауы қажет екенін ескертті. "Онымен келіспегендерде банкроттықтан басқа жол қалмайды, мемлекеттің бұдан басқа мүмкіндігі жоқ",- деді президент. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін