Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады

Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады

 

  • 1 Ақпан 2023
  • 5
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысына Ұлттық банктің биыл қаңтарда жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ғалымжан Пірматов Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы, іскерлік белсенділік, инфляция факторлары мен оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ БЖЗҚ, Ұлттық қор және алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы баяндады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді іске асырудың және валюта нарығын одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.