Президенттің мемлекетке заң бұзатын жер қойнауын пайдаланушылардан кен орындарын қайтару жөнінде тапсырмасы биылғы жылы орындалады - Мәсімов - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президенттің мемлекетке заң бұзатын жер қойнауын пайдаланушылардан кен орындарын қайтару жөнінде тапсырмасы биылғы жылы орындалады - Мәсімов

Президенттің мемлекетке заң бұзатын жер қойнауын пайдаланушылардан кен орындарын қайтару жөнінде тапсырмасы биылғы жылы орындалады - Мәсімов

Астана. 14 ақпан. "Қазақстан Бүгін"- Президенттің мемлекетке заң бұзатын жер қойнауын пайдаланушылардан кен орындарын қайтару жөнінде тапсырмасы биылғы жылы орындалады, бұл жөнінде бүгін үкіметтің кеңейтілген жиналысында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Ақпан 2008
  • 602
Фото - Caravan.kz

«Сіздің мемлекетке заң бұзатын жер қойнауын пайдаланушылардан кен орындарын және заңсыз алынған жер учаскелерін қайтару жөнінде тапсырмаңыз биылғы жылы орындалады «, — деді К. Мәсімов, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа қарап.

Ол атап өткеніндей, «дайындалып жатқан Салық кодексінде жер қойнауын пайдаланушылар үшін нақты тәртіп көрсетіліп, шикізат секторының қайтарымы ұлғайтылады».

«Жаңа Салық кодексі қабылданбайынша, жер қойнауын пайдаланушылармен барлық келіссөздер тоқтатылады», — деді премьер.

К. Мәсімов еске салғанындай, өткен жылы үкімет Қашаған мен Құмкөл мұнай кен орындарында және «Богатырь» көмір разрезіндегі Қазақстанның үлесін көбейтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті