Президенттің жолдауы мемлекеттің дамуындағы нақты бағдарды айқындайды -сенат спикері - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президенттің жолдауы мемлекеттің дамуындағы нақты бағдарды айқындайды -сенат спикері

Президенттің жолдауы мемлекеттің дамуындағы нақты бағдарды айқындайды -сенат спикері

Астана. 7 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Президенттің жолдауы мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларын жаңарту жолында нақты бағдарды айқындайды". Бұл туралы бүгін ашылған пленарлық отырыста сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 7 Ақпан 2008
  • 610
Фото - Caravan.kz

«Біздің президент халыққа осындай жолдауын арнап, мемлекет алдында тұрған ауқымды мәселелерді көріп, оның шешу жолдарын білетін жалпы ұлттық көсем статусын дәлелдеді», — деді К. Тоқаев.

Спикер атап өткеніндей,»мемлекет басшысының жолдауында көрсетілген міндеттерді орындау үшін, парламент пен үкімет бірлесе отырып кодекстер мен заңдарды талқылап қабылдау үшін, үлкен жұмыс атқаруы керек».

«Жаңа даму кезеңі салық, бюджеттік заңдарының сондай-ақ, бәсекелестікті дамыту саласында, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңдарды жетілдіруді талап етуде», — деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, «азаматтардың дәулеттілігінің кепілі мен нарықтық экономиканың темірқазығы болып отырған шағын және орта бизнеске жүргізілетін түрлі тексерулер мен заң жүзінде жасалатын аккредитациялау, сертификаттау және лицензияландыру аспектілерін жеңілдетіп, ретке келтіру керек», — деп есептейді Қ. Тоқаев.

«Бұл жерде парламент сенатының сапалы заңдар қабылдаудағы жауапкершілік деңгейі жоғары деп санаймын «, — деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті