Профессор Марат Нұрғожин халықаралық наградамен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Профессор Марат Нұрғожин халықаралық наградамен марапатталды

Профессор Марат Нұрғожин халықаралық наградамен марапатталды

Еуропалық бизнес-ассмблея және әлемнің 54 елінің көрнекті ғалымдарының Еуропа ректорлар клубы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ президентінің міндетін атқарушы, техника ғылымдарының докторы Марат Нұрғожинді «Әлемдік ғылымға қосқан үлесі үшін» даңқ орденімен және оған қоса «Ғылымдағы есім» құрметті атағымен марапаттады.

  • 31 Желтоқсан 2013
  • 348
Фото - Caravan.kz


«Ғылымдағы есім» халықаралық наградасымен бірге Сократ ордені, құрмет лентасы мен Қазақстан ғалымының есімі 21 ғасырдың танымал ғалымдарының тізіміне енгізілгені жөніндегі сенім грамотасы оның иесіне кеше тапсырылды.

Техника ғылымдарының докторы, профессор Марат Нұрғожин 250 ғылыми мақала, жеті патент, төрт монография, тоғыз оқулық пен ғылыми әдістемелердің авторы, ол бес кандидат пен бір ғылым докторын, қырықтан астам магистрант дайындап шығарған.