Прокуратура құзыреті жеке заңмен белгіленетін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокуратура құзыреті жеке заңмен белгіленетін болады

Прокуратура құзыреті жеке заңмен белгіленетін болады

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жаңа заң жобасына сай прокуратураның бірқатар өкілеттігі алынып тасталады.

  • 3 Наурыз 2017
  • 334
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыста ҚР Парламенті депутаты Глеб Шегельский осыған қатысты сауал қойған болатын.

"Мен заң жобасын бірінші оқылымда қабылдауды қолдаймын және әріптестерімді де осы заң жобасын қолдауды ұсынамын. Баяндамашыдан мына мәселені анықтағым келеді. Құрметті Әділбек Рыскелдіұлы, қолда бар Конституцияның 83-бабы 1-пунктіне сәйкес, Прокуратура заң және өзге де құқықтық актілерді қабылдауға наразылық таныта алады. Ұсынылған өзгерістерде прокуратураның аталмыш құзыры алынып тасталған. Бұл өзгерістер не үшін жасалғанын айтып беріңізші", — деп сұрады Шегельский.

Өз кезегінде, Жақсыбеков аталған жаңашылдықтың басты мақсаты прокуратура органдарын жаңғырту екенін атап өтті.

"Қазіргі заңнама тым қойыртпақталып кеткен. Негізгі заңда ол органның тек негізгі базалық құзырларын қалдыру көзделген. Бұл — заңды ұстануға қатысты жоғары қадағалау, сотта мемлекет мүддесін қорғау, қылмыстық қудалау құзырын жүргізу. Прокуратураның барлық құзырын жеке заңнамада жіті белгілеу көзделген. Бұл өз кезегінде прокуратура органдарының мүмкіндіктерін уақыт талаптарына сай жинақы анықтауға жол ашады", — деді Жақсыбеков.


Айта кетейік, бүгін "Парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқылануда. Отырыс басында ҚР Президенті баяндама жасады.  

 

Соңғы жаңалықтар