Прокуратура: Шымкентте тегін берілуі тиіс медициналық анықтамалар сатылып келген - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокуратура: Шымкентте тегін берілуі тиіс медициналық анықтамалар сатылып келген

Прокуратура: Шымкентте тегін берілуі тиіс медициналық анықтамалар сатылып келген

Шымкенттегі медициналық мекемелер тегін берілуі тиіс анықтамаларды осы күнге дейін сатып келген. Бұл туралы Шымкент қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

  • 4 Қараша 2018
  • 9
Фото - Caravan.kz

Құқық қорғау органының өкілдері медициналық ұйымдар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне талдау жүргізген. Анықталғандай, тұрғындарға наркологиялық анықтама — 350 теңге, психоневрологиялық анықтама — 350 теңге және туберкулезге қарсы мекеме беретін анықтама 220 теңге теңгеге заңсыз сатылып келіпті, деп жазды sn.kz

Тек қана 8 күн ішінде аталған анықтамаларды сатудан медициналық ұйымдарға 5,4 миллион теңгеден астам қаражат түсіпті (туберкулезге қарсы диспансері – 89 320 теңгеге 406 анықтама, психоневрологиялық диспансер – 2 816 800 теңгеге 8048 анықтама, наркологиялық диспансер – 2 575 650 теңгеге 7359 анықтама).

Прокурорлардың араласуынан кейін аталған анықтамалардың барлығы 2 қарашадан бастап тегін беріле бастады. Ал, оларды сатып алған қала тұрғындары медициналық ұйымдарға барып, төлеген қаражаттарын қайтарып ала алады.


Соңғы жаңалықтар